ТАҢ да келді, ұйқыдан да қайырлы,
Сапқа жинап кедейің мен байыңды.
"Таң сауабын білсең егер еңбектеп
келер едің мешітке, ойлап жайыңды".
Ояндым деп бір Аллаға басыңды іи,
Қоя тұрып, наның менен шəйіңді.
БЕСІН міне кірді дейміз түс келе,
Кіріскенің көрініп тұр іске де.
Құлшылықтай қанат керек еп-еркін,
Берекелі болу үшін құс дене.
Тіршіліктей ұзақ емес құлшылық,
Уақыт бөлші сондағысы кішкене.
Ес аламыз ЕКІНТІге егіліп,
Қалмау үшін уəсуəсəға жеңіліп.
Бұл намазың қаза болса егерде,
Амал-мүлктен айырылған жерің ұқ!
Күн де батты ұясына.
ШАМ кірді.
Жиылып ел...
Шайтандар да қаңғырды.
Мейлі адамдар жүрсе жүрсін бейғам боп.
Бір Аллаға мадақтар айт нəрлі үлгі,
Сыйлап жатқан əр секунд пен əр күнді.
ҚҰПТАН келсе сауап деген сый тұна,
Асығар көп болу үшін бейкүнə.
Бес уақытпен бес бақытты ұғынып,
Нүктеңді қой нəпсі деген сыйқыңа.
Өлімнің шын туысы боп атанған,
Ерік берме еріп келген ұйқыға.
Рақатпен намаз оқы тіріде,
"Бүкіл əлем күте тұршы" - дей тұра!